Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 244 «Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа»

Бұйрық · № 81 · қабылданған 08.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2007-no-244/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 244 «Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа» Қолданыста Бұйрық ·№ 81 ·08.06.2020
08.06.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 244 «Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 81 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 244 «Об утверждении Правил выдачи дубликата и аннулирования подлинника (удостоверенной копии) утраченного или поврежденного правоустанавливающего документа»
Атауы (қаз.)
«Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
81
Қабылданған күні
08.06.2020
Көрсетілген редакция
08.06.2020 143694_467691.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020846
ЭКБ идентификаторы
143694
Редакция идентификаторы
143694_467691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:09

0 «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 заңының 36-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4939 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2007 жылы жарияланған, № 10) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновация және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
____________________
____________________

1 Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 8 маусымы № 81
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушының 2007 жылғы 24
тамыздағы № 244 бұйрығымен
бекітілген
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленгенжәнежылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы қағиладаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

2 2) құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

3 3) құқық белгілейтін құжаттар - солардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құжаттар;

4

4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) - Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;

5 5) көрсетілетін қызметті алушы - құқық иесі, сатып алушы және мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын өзге де адамдар;

6 6) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі - көрсетілетін қызметті алушының атынан өтініш беретін және сенімхатқа, заңнамаға, соттың шешіміне не құқықтық актіге негізделген өкілеттіктерге орай мемлекеттік тіркеуге байланысты өзге де әрекетті жүзеге асыратын адам;

7 7) тіркеу ісі - құқықтық кадастрдың мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін объектілік принцип бойынша сақтау жүзеге асырылатын бөлігі;

3

3. «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

4

4. Негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті берушітіркеу ісінде сақталатын көрсетілген құжаттың көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізеді.

5 5. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын берген кезде тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне және құқықтық кадастрдың тіркеу ісінің тиісті бағандарына құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасының күшін жою туралы тиісті жазба енгізеді.

6 6. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы құқық иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне ғана беріледі (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы);

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

7

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен (бұдан әрі-өтініш) осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе «электрондық үкімет» порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Стандартта мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері мен өзге де мәліметтерді қамтитын мәліметтер баяндалған.

9 9. Өтінішті көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде қызметті беруші құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі басқармаға (бөлімге) жолдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері осы Қағиданың 3- қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат бере отырып, қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкеріне құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, олардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

10 10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері осы Қағиданың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын бір мезгілде тексере отырып, тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау және беру бөлімінен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

11

11. Содан кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері жылжымайтын мүлікке құқықтардың (ауыртпалықтардың) пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (ауыртпалықтардың) туындауына, тоқтатылуына негіз болып табылатын жасалатын мәміленің және (немесе) өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оның жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жою және құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда бас тарту туралы жазба енгізеді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері ұсынылған құжаттар Стандарттың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Телнұсқа» белгісі бар және тіркеуші органның мөртаңбасы қойылып жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын дайындайды.
Телнұсқаны беруден бас тартқан жағдайда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы жазбаша хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) жолдайды.
Телнұсқаны дайындау немесе бас тарту туралы хабарламаны дайындау бойынша рәсімді жүзеге асырғаннан кейін құжаттар басшылыққа қарауға, кейіннен қол қою үшін жіберіледі.
Қол қойылған құжаттар, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы немесе құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беруден бас тарту туралы хабарлама кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін құжаттарды қабылдау және беру бөліміне беріледі.

12 12. Өтінішті портал арқылы берген кезде электрондық сұрау салуды жіберу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге автоматты түрде жіберіледі.

Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын көрсеткен кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

13 13. Портал арқылы өтініш берген кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) қызметкері осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) немесе порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күн.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Телнұсқа» белгісі бар жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы және тіркеуші органның мөртаңбасы болып табылады.

16

16. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі

17

17. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады, онда шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетіледі. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі, мақсатты түрде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде ресімделеді немесе төрағаның блогында орналастырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1.1 Жоғалған немесе бүлінген

құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________________________________________________
(«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясының филиалы)
Құқықбелгілейтінқұжаттыңтелқұжатын беру туралы ӨТІНІШ N__________
Тегі, Аты, Әкесініңаты (олболғанкезде) (бұданәрі – Т.А.Ә.) /
Заңдытұлғаныңтолықатауы __________
ЖСН/БСН_______________________________________________________________
Тұратынжері/ Заңдымекенжайы ___________________________________________
Жеке бастыкуәландыратынқұжат: түрі____________, №__________
Берілді_______________________________, берілгенкүні______________________
(егерөтінішберушібіреуденартықболсаақпараттықайталау)/
Мемлекеттіктіркеутуралыкуәліктіңнөмірі
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Атынаніс-әрекететеді____________________________________________________
(уәкілеттіөкілтолтырады)
негізінде_______________________________________________________________
(өкілеттігінкуәландыратынқұжаттыңдеректемелері)
_______________________________________________________________________
________________________________________мекен-жайыбойыншаорналасқан
жылжымайтынмүлікобъектісіне
_______________________________________________________________________
(құжаттыңатауы)
Басшысыныңнемесе
уәкілеттіөкілдің Т.Ә.А.
____________________________________________________
_______________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігінкуәландыратынқұжаттыңдеректемелері)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_____________________________________________________ атынанісәрекетететін
_______________________________________________________________________
________________________________телқұжатынберудісұраймын (сұраймыз)
Құқықбелгілейтінқұжаттыңжоғалуынанемесебүлінуіне
(бұзылуына) әкелгенмән-жайлар___________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Өтінішкемынадайқұжаттарқосаберіледі:
1. Төленгенітуралықұжат: түрі_______ N______ сомасы_________теңге
2. _____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
3. _____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(өтінішқабылдағанмаманның Т.Ә.А. мен қолы)
Өтінішберілген күн:_____________20__жыл.
Уақыты_________сағ.__________мин.
Орындаудыңжоспарлыуақыты_____________________________________________
Өтініштіорындау /қарау/ нәтижесі__________________________________________
_______________________________________________________________________
Тексерілді: күні________ 20__жыл.
_______________________________________________________________________
(орындаушының Т.Ә.А. жәнеқолы)

1.2 Жоғалған немесе бүлінген құқық

белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Жы­л­жы­май­тын мүлiк­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру» мем­ле­кет­тiк көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет «мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның фи­ли­а­лы
2
Мем­ле­кет­тікқыз­мет­тер­ді ұсы­ну жол­да­ры (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz ес­кер­ту.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні (құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді)
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған-өті­ніш бе­ру бө­лі­гін­де)/қа­ғаз тү­рін­де;
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сы неме­се осы Стан­дарт­тың 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның неме­се оның өкі­лі­нің же­ке ку­ә­лі­гін көр­сет­кен кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
6
Көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­ті­а­лушы­дан­мем­ле­кет­тікқыз­мет­тер­көр­се­ту­ке­зін­деө­н­д­і­р­і­п­а­л­ы­н­а­т­ы­н­т­ө­л­е­м­м­ө­л­ш­е­р­і­ж­ә­н­е­Қ­а­з­а­қ­с­т­а­н­Р­е­с­п­у­б­л­и­к­а­с­ы­н­ы­ң­з­а­ң­н­а­м­а­с­ы­н­д­а­к­ө­з­д­е­л­г­е­н­ж­а­ғ­д­а­й­л­а­р­да оны жи­на­ут­ә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша тө­лем Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 27 қыр­күй­ек­те­гі № 418 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­тар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу са­ла­сын­да­ғы та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ба­ға­ла­ры­на сәй­кес алы­на­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­дел­детiл­ген қыз­мет көр­се­тусiз, «элек­трон­дық» ке­зек тәр­тiбi­мен, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті бронь­да­у­мен көр­се­ті­ле­ді.
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты­нан кей­ін және де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­дерi жү­гін­ген кез­де, өті­ніш­тер қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тікқыз­мет­тер­көр­се­ту­ү­шін­қа­жет­ті­құ­жат­тар­ті­зі­мі
Құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (өті­ніш бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті өкі­лі) мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­нуы ти­іс:
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) өті­ніш;
2) же­ке тұл­ға же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты ұсы­на­ды;
3) құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат;
«Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – пор­тал):
1) элек­трон­дық – цифр­лық қол­таң­ба­мен неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
же­ке тұл­ға же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді тол­ты­ра­ды;
заң­ды тұл­ға мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді тол­ты­ра­ды.
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­ді қо­с­па­ған­да, құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. ЭҮТШ ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген тө­лем ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­тар­ды тір­кеу бас­қар­ма­сы (бө­лі­мі) «Элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар са­уда ті­зі­лі­мі­нен заң­да­сты­ры­л­ған үзін­ді кө­шір­ме­ні неме­се ше­тел­дік заң­ды тұл­ға шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын ку­әлан­ды­ра­тын бас­қа да заң­да­сты­ры­л­ған құ­жат­ты мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­ріне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы­мен бір­ге ұсы­на­ды;
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы осы Стан­дарт­тың 8-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар топ­та­ма­сын то­лық ұсын­ба­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді.
10
Мем­ле­кет­тікқыз­мет­тер­ді, оны­ңі­шін­де­элек­трон­дық­ны­сан­да­ж­әне­Мем­ле­кет­тіккор­по­ра­ци­яар­қы­лы­ұсы­н­у­е­р­е­к­ш­е­л­і­к­т­е­р­і­н­е­с­к­е­р­е­т­і­н­ө­з­ге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар:
Заң­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен, өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен қоз­ға­лу, на­ви­га­ция, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан қыз­ме­та­лушы­лар Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на 1414, 8 800 080 777 ме­кен-жайы бой­ын­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі­нен ке­тіп, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­кер­ле­рі бо­лып та­бы­ла­ды. .
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­ме­ті, сон­дай-ақ «1414» бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы, 8-800-080-7777 ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол­жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ала ала­ды.
Қыз­мет көр­се­ту­дің «мау­сым­ды­лы­ғы» (уа­қыт­ша­си­патта­ғы) болған жағ­дай­да, қыз­мет ұсы­ну­ға өті­ніш­тер­ді қа­был­дау / қа­был­дау ке­зе­ңі үшін шарт көр­се­ті­ле­ді.
Үшін­ші тұ­лға­лар­дың қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры:
Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет­тен» ақ­па­рат сұ­ра­ла­тын адам­ның ке­лі­сі­мі­мен, сон­дай-ақ пор­тал­да­ғы субъ­ек­ті­нің тір­кел­ген ұя­лы нө­мі­рі ар­қы­лы бір рет­тік па­роль­ді жі­бе­ру неме­се жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­ді ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­ра­ны­сы пор­тал ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар.

1.3 Жоғалған немесе бүлінген құқық

белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тіркеушіорганныңмөртаңбасы
____________________________ _________________ құқы­ғы (ауырт­па­лы­ғы)
(объ­ект­тің­ме­кен-жайы, (құқық, ка­дастр­лық­нө­мі­рі) ауырт­па­лық­тың­тү­рі)
___________________________________ ______________________ тір­кел­ген
(құқық­ты­тір­ке­га­нор­ган­ны­ңа­та­уы) (тір­кел­ге­ну­а­қы­ты)
_______________________________ тел­құ­жа­ты __________________________
(құқық­бел­гі­лей­тін­құ­жат­тың (тел­құ­жат­ты­а­лу­ға­арыз
ата­уы, кү­ні­ж­әне­нө­мі­рі) бер­ген­құқы­қи­е­сі­нің
Те­гі, Аты, Әке­сі­ні­ңа­ты (ол­болған­кез­де)
"___" 20__________­жыл. N_______________ ары­зы­бой­ын­ша
___________________________________________________________ бе­рі­л­ген
(тел­құ­жат­ты­бер­ген­тір­ке­у­ші­ор­ган­ны­ңа­та­уы)
Орын­да­у­шы ____________________ қо­лы ______________
Бө­лім­ба­стығ­ы­_________________ қо­лы ______________
Бас­шы ________________________ қо­лы ______________

1.4 Жоғалған немесе бүлінген құқық

белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің)
күшін жою қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегі, Аты, Әкесініңаты (олболғанкезде) (бұданәрі – Т.А.Ә.) немесекөрсетілетінқызметтіалушыұйымыныңатауы) _____________________ (көрсетілетінқызметтіалушыныңмекенжайы)
Құжаттардықабылдаудан бас тартутуралықолхат
"Мемлекеттіккөрсетілетінқызметтертуралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегіҚазақстанРеспубликасыныңЗаңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарғаарналғанүкімет" Мемлекеттіккорпорациясы (филиалынкөрсету) Сіздің осы Қағидалардың 6-тармағында көзделгентізбегесәйкес, құжаттартоптамасынтолықұсынбауыңызғабайланыстымемлекеттікқызметкөрсетуге (мемлекеттiккөрсетілетінқызметстандартынасәйкесмемлекеттіккөрсетілетінқызметатауынкөрсету) құжаттардықабылдаудан бас тартады, атапайтқанда:
Жоққұжаттардыңатаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбіртарапүшінбір-бірденжасалды.
Т.А.Ә. (тіркеуші орган қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон ______________________
Алдым: ____________________________________________________
көрсетілетінқызметтіалушыныңқолы/Т.А.Ә. қолы
20___ жылғы«___» ____________

Қолданыстағы