О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 августа 2007 года № 269 «Об утверждении Положения о порядке регистрации и структуре адреса в информационной системе «Адресный регистр» Южно-Казахстанской области» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Оңтүстік Қазақстан облысының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Түркістан облысының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1964 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Түркістан облысының «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Түркістан облысының «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. З.С.Жолдасов Ф.М.Байдуллаев Е.К.Алтаев Е.Ә.Дауылбаев Қ.Ә.Қайыпбек Н.Ә.Тұрашбеков К.Е.Жаппар Г.Н.Ажиметова «Оңтүстік Қазақстан облысының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 123 қаулысына.
Басқа 7. Түркістан облысының «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ереже
Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы « 9 » шілдедегі № 123 қаулысына қосымша Түркістан облысының «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ереже 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Түркістан облысының «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 3аңдарының талаптарына сәйкес және облыс аумағында Түркістан облысының «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ) мекенжайларын, құрылымы мен құрамын тіркеудің бірыңғай ережелері және оны жүргізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің күші Түркістан облысындағы барлық меншік нысандарының жылжымайтын мүлік объектілері туралы мекенжайлық ақпараттың барлық түрлеріне таралады.
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне Түркістан облысы аумағында бірегей мекенжай атауы беріледі. Жылжымайтын мүліктің заңды мекенжайы (бұдан әрі - мекенжайы) мекенжай беру немесе өзгерту рәсімдері жүргізілгеннен кейін Мекенжай тіркелімінде тіркелген мекенжай болып табылады.
Тармақ 4
4. Мекенжай тіркелімі «цифрлық үкімет» бірыңғай сәулетінің құрамдас бөлігі, мемлекеттік цифрлық ресурсы және Түркістан облысындағы жылжымайтын объектілердің мекенжайлары туралы деректердің ресми көзі болып табылады.
Тармақ 5
5. Мекенжай тіркелімін құру және мекенжайлар берудің бірыңғай тәртібін енгізудің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікті пайдаланудың әр кезеңінде қайтадан салынған, жаңартылған және пайдаланымға берілген объектілер мекенжайларының бір ортаға бағынған есебін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мекенжай тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының орналасу орнына сәйкестігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) объектілердің мекенжайлары туралы мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз ету үшін негіз құру болып табылады.
Тармақ 6
6. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайлар беру және Мекенжай тіркелімінде оларды тіркеуді, елді мекендердің кезекші мекенжайлық жоспарларын жүргізуді, елді мекендегі мекенжайлар туралы ақпараттар беруді Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар
Тармақ 7
7. Мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда).
Тармақ 8
8. Мекенжай тіркелімі - мекенжайлар және мекенжайлар элементтерінің, сондай-ақ олардың есеп жүйелері жазуының жиынтығы.
Тармақ 9
9. Мекенжайларды жою - Мекенжай тіркелімінен жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайы туралы жазуды шығару.
Тармақ 10
10. Жылжымайтын мүліктің туынды объектісі - азаматтық құқықтың дербес объектісі (пәтер, тұрғын және тұрғын емес орын-жай, соның ішінде салынған және жалғай салынған) болып табылатын жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісінің кеңістік бөлігі.
Тармақ 11
11. Геоним – көшелер, алаңдар, желілер, аллеялар, бульварлар, жолдар, жағалаулар, тұйық көшелер, даңғылдар, өтпе жолдар үшін жалпылама ұғым.
Тармақ 12
12. Жер учаскесі - Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.
Тармақ 13
13. Ғимарат – функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе онда болуы, өндiрiстiк процестердi орындау, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын, мiндеттi түрде жер бетiндегі тұйық көлемдi құрайтын тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн.
Тармақ 14
14. «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
Тармақ 15
15. Кадастрлық нөмір - жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын нөмірі.
Тармақ 16
16. Объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл ретте нөмірде есімдіктер (мысалы «Я» әрпі), аліпбидегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады.
Тармақ 17
17. Жылжымайтын мүлік (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) –жер учаскелері, ғимараттар, құрылысжайлар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер.
Тармақ 18
18. Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - әр түрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері.
Тармақ 19
19. Мекенжайды тіркеу - жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын белгілейтін құжаттардан мәліметтер құрайтын жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы және мекенжай элементі туралы жазуды Мекенжай тіркеліміне енгізу, сондай-ақ «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне енгізу жөніндегі мәліметтер.
Тармақ 20
20. Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, құрамына бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi.
Тармақ 21
21. Құрылысжай – табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (орын ауыстыруына), сондай-ақ жабдықты немесе коммуникацияларды орналастыруға (тартуға, жүргізуге) арналған, қолдан жасалған көлемді, жазықтық немесе желілік (жерүсті, су беті және (немесе) жерасты, суасты) құрылыс объектісі. Құрылысжай көркемдік-эстетикалық, декоративтік-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Мекенжай элементі - аумақта жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу жерін сипаттайтын реквизит.
Тарау 3. 3. Мекенжай тіркелімін жүргізу ережесі
3. Мекенжай тіркелімін жүргізу ережесі
Тармақ 23
23. Мекенжай тіркелімі Түркістан облысының барлық аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайлары және мекенжайлар элементтері туралы мәліметтерді құрайтын жазулар жиынтығы болып табылды.
Тармақ 24
24. Әрбір мекенжай объектісінде Түркістан облысының барлық аумағында мекенжай объектісінің орналасқан жері туралы мәліметтерді құрайтын және уақытында өзгертілмеген жазулар жүйесінің бірегей нөмірі болады.
Тармақ 25
25. Мекенжай тіркелімін жүргізу келесі рәсімдердің біртұтас жүйесін кұрайды:
Тармақша 1
1) мекенжай немесе мекенжай элементтерін тіркеу;
Тармақша 2
2) мекенжайлар, мекенжай атауын қайта беру элементтері сияқты өзгерістерді тіркеу;
Тармақша 3
3) мекенжайлар немесе мекенжайлар элементтерін жоюды тіркеу;
Тармақша 4
4) ақпараттарды сақтау;
Тармақша 5
5) Мекенжай тіркелімінен ақпаратты беру.
Тармақ 26
26. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайлары және олардың өзгеруі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері негізінде Мекенжай тіркеліміне тіркеледі.
Тармақ 27
27. Мекенжайлық тіркелімнің міндетті реквизиттерінің тізімдемесі келесі ақпараттарды:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжай мәртебесін, тіркеу нөмірін және есептік нөмірін;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 4-бөлімінің 30-тармағына сәйкес белгіленген құрылымның мекенжайын;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлік объектісінің түрлерін және оның функционалдық тағайындалуын;
Тармақша 4
4) мекенжайды (құжат түрі, оның нөмірі, мерзімі) тіркеудің негізі туралы мәліметтерді құрайды.
Тармақ 28
28. Мекенжай тіркелімінің жазуы «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесінде электронды түрде жүргізіледі, кажеттілігіне қарай ақпаратты қағазда шығарумен Мекенжай тіркелімінің мұрағаты мекенжайды анықтауда немесе атау беруде басталған, деректердің және істердің электронды базасының қосалқы көшірмелері түрлерінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мекенжай түрлері және жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай берудің жалпы тәртібі
4. Мекенжай түрлері және жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай берудің жалпы тәртібі
Тармақ 29
29. Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және/немесе тұрақты мекенжайлар беріледі.
Тармақ 30
30. Алдын ала мекенжай:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне;
Тармақша 2
2) пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге;
Тармақша 3
3) пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге;
Тармақша 4
4) бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі. Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-да тіркелуге тиіс.
Тармақ 31
31. Тұрақты мекенжай:
Тармақша 1
1) барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылысжайларға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға;
Тармақша 3
3) бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге;
Тармақша 4
4) меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылысжайларды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.
Тарау 5. 5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру
5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру
Тармақ 32
32. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай беру тәртібі облыстың жергілікті атқарушы органдар бекіткен жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылысжайларға реттік нөмір беру, талаптарды белгілеу, елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру Ережелеріне негізделген.
Тармақ 33
33. Мекенжай тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісіне алдын ала мекенжай беру жағдайында «алдын ала» мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы жазу жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Мекенжай тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісіне тұрақты мекен-жай беру жағдайында «тұрақты» мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы жазу жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Жылжымайтын мүлік объектісін мекенжайда пайдаланымға енгізілген және алдын ала мекен-жай берудің бұрын өткен процедурасы, егер мекенжай алдын ала тұрақтыға өзгертілмей қалса, Мекенжай тіркелімінде мекенжай мәртебесі жүргізіледі немесе алдын ала мекенжайды жоюмен жаңа мекенжай беріледі. 6. Елді мекендердің жылжымайтын мүлік объектілерінің, геонимдері және мекенжайларының атауларын жою
Тармақ 36
36. Облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық кесімнің) негізінде елді мекендер және геонимдер атауларын жою келесі жағдайларда: кент, ауыл (село), селолық округ өзгергенде және ыдырағанда; елді мекенді және геонимді қайта атау кезінде жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын жою келесі жағдайларда:
Тармақша 1
1) аудандық (қалалық) атқарушы органдардың деректері негізінде ғимараттарды, құрылысжайларды, құрылыстарды құлатқанда (бұзғанда);
Тармақша 2
2) жаңа кадастрлық немесе есептік нөмірмен бірыңғай жер учаскесіне жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіру және (немесе) объектіні дербес бөлікке бөлгенде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құрғанда;
Тармақша 3
3) құрылыс аумағын реттеумен байланысты жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірленуі өзгергенде жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою кезінде Мекенжай тіркелімінде мекенжайды тіркеу туралы жазу «жойылды» жағдайында мерзімі және «негізі» көрсетіле отырып «жойылды» жағдайымен белгіленеді.
Тармақ 39
39. Мекенжай тіркелімінен геонимдер және мекен-жайлар атауларын шығару жылжымайтын мүліктің жаңа объектілеріне мекенжай беру және жаңа геонимдерді атауда қайта қолданыла алады.
Тарау 7. 7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту (мекенжайларды өзгерту)
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту (мекенжайларды өзгерту)
Тармақ 40
40. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту себептері:
Тармақша 1
1) облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық кесімнің) негізінде елді мекендерді немесе геонимдерді қайта атау;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлік объектілерін дербес бөліктерге бөлу;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіруде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құру;
Тармақша 4
4) салынған аумақты реттеу;
Тармақша 5
5) Түркістан облысы аумағында нақты орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайына және көрші объектілерге берілген мекенжайларға сәйкес емес құжаттарын сараптау нәтижесінде анықтау;
Тармақша 6
6) басқа да себептер болуы мүмкін.
Тармақ 41
41. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын өзгерту Мекенжай тіркелімінде тіркеледі, сонымен қатар: жылжымайтын мүлік объектісінің ескі мекенжайын жою; жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа мекенжай беру жүргізіледі.
Тарау 8. 8. Мекенжайлық тіркелімде мекенжайлар беруде және оларды тіркеуде атқарушы органдардың қызметі
8. Мекенжайлық тіркелімде мекенжайлар беруде және оларды тіркеуде атқарушы органдардың қызметі
Тармақ 42
42. Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары: сәулет және қала құрылысы бөлімдері өңір ішіндегі жер телімдері, ғимараттар және құрылысжайлардың реттік нөмірлерін тіркеуді жүргізеді және өз өңірінде Мекенжай тіркелімінде мекенжайлық деректердің толықтығын, нақтылығын қамтамасыз етеді; «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру Қағидаларына сәйкес «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне геонимдер атауын және қайта атауын тіркеуді жүргізеді.