О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 24 декабря 2007 года № 4-3 "Об утверждении ставок по отдельным видам платежей" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 "Жеке түрлі төлемдердің мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабы 1-тармағына "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 "Жеке түрдi төлемдердiң мөлшерiн бекiту туралы" (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 16 қаңтарда № 13-5-50 тіркелген, 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 3 "Новости Приишимья газетінде жарияланған; 2008 жылғы 23 шілдедегі № 7-4 "Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 "Жеке түрдi төлемдердiң мөлшерiн бекiту туралы" (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 26 тамызында № 13-5-83 тіркелген, 2008 жылғы 30 тамыздағы № 36 "Новости Приишимья" газетінде жарияланған) өзгертулерін есепке ала отыра, келесі өзгерту енгізу: Қосымша 1-де "Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне біржолғы талондардың мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштердің процентінен" 5-тармақ "Жеке және жалға алынған автомобильдердің иелерінің қызметтері (бағыттағы таксиден өзгелері) жолаушылар мен жүк тасу бойынша (лицензиялық тасымалдау қызметінен басқа) шығарып тастау.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң күшіне енеді.