О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2007 года № 40 «О бюджете города Лисаковска на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 2-бабының 3-тармағына, 111, 116 -баптарына сәйкес, «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 50 шешіміне сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-100 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістір мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: кірістер- 1525135 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 1360417 мың теңге, салықтық емес түсімдер бойынша - 3130 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6100 мың теңге, трансферттер түсімдері бойынша - 155488 мың теңге; шығындар - 1802769,6 мың теңге; операциялық сальдо (теріс) - 277634,6 мың теңге; қаржылық активтермен операциялық бойынша сальдо - 26609 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу - 26609 мың теңге; бюджеттің тапшылығы - 304243,6 мың теңге; бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 304243,6 мың теңге.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. 2008 жылғы арналған қаланың бюджетінде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттердің және дамытуға трансферттердің көзделгені ескерілсін: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерін құруға - 5548 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік жүйесінде интерактивті оқыту жүйесін енгізуге - 29464 мың теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өсуіне байланысты күнкөрісі төмен отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайын мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 1641 мың теңге; электрондық үкімет шеңберіндегі адами капиталды дамытуға - 5300 мың теңге; мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға - 490 мың теңге; «Лисаков қаласы 13 шағын ауданның канализаңиялық сорғы станциясын, тегеурінде және өздігінен ағынды коллекторларды қайта құру» - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға - 34528 мың теңге.»; көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешімге 2-қосымша осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешімге 3-қосымша осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5