О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 3 қаңтарда жарияланған):
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 1 905 015 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 905 603 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1740 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 500 мың теңге;
алынған трансферттер бойынша - 992 172 мың теңге, оның ішінде:
нысаналы ағымдағы трансферттер - 92 421 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 210 870 мың теңге;
2) шығындар - 1 955 997,3 мың теңге;.
3) операциялық сальдо (теріс) - 50982,3 мың теңге;
4) тапшылық - 50982,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 50982,3 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен - 50982,3 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағындағы:
«ағымдағы» сөзі алып тасталынсын;
мынадай мазмұндағы 4) - 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) 5548 мың теңге - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға;
5) 29464 мың теңге - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті окыту жүйесін енгізуге;
6) 4835 мың теңге - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
7) 12624 мың теңге - тұрмысы нашар отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге;
8) 4998 мың теңге - электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға;
9) 767 мың теңге - мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыкқа оқытуға;
10) 122261 мың теңге - Жітіқара каласындағы Айнабұлак шағын ауданының сумен жабдықтау желілерінің кұрылысына;
11) 82844 мың теңге - Қостанай облысы Мүктікөл селосының және Волгоградский селосының Жітіқара ауданының Волгоградский топтық су құбырын қайта жаңартуға»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3