О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 24 декабря 2007 года № 41 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2008 год в городе Лисаковске» Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазакстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 97-бабының 2-тармагына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындагы 2008 жылга арналған тұргын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-101 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
5-тармақтың он алтыншы абзацында, 6-тармақта, 18-тармақтың екінші абзацында «Ұлы Отан соғысында кайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, концлагерьлердің, гетто және басқа да екінші әлемдік соғыс кезеңінде фашисттермен және олардың жақтастарымен кұрылған мәжбүрлеп ұстаған орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарға» деген сөздер алынын тасталсын;
8-тармақтың бірінші абзацында «ұсынуға тиіс» деген сөздер «ұсынады» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Бала туғанына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, төтенше салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірген залалын өтеу, әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдық ұстауға бөленетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде каржылық материалдық жәрдем көрсетуге бағытталған қаражаттың есебінен көрсетілетін ыстық тамақ пен көмектің және азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшадай немесе заттай түрдегі көмектің құны түріндегі кірістер жиынтық табысын есептеу кезінде есептелмейді.»;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Түрғын үй жәрдемақысын есептеген кезде қабылданған кірістер туралы ақпаратты әдейі ұсыну фактісін анықтаған жағдайда жәрдемақы төлемі пады. Өтініш берушінің түрғын үй жәрдемақыны артық төленген сомаларды қайтарғаннан кейін, тұрғын үй жәрдемақының қайта төлеу немесе тоқтату туралы мәселені талас және дау жағдайларды қарау жөніндегі комиссия шешеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.