О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 116-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, бұрын: «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 47 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-86, № 5 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 1 ақпанда жарияланған, "2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 80 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-96, № 19 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 9 мамырда жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген): көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 1 951 617 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 932 574 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 3 740 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 500 мың теңге; алынған трансферттер бойынша - 1 009 803 мың теңге, оның ішінде: нысаналы ағымдағы трансферттер - 110 052 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 210 870 мың теңге; 2) шығындар - 2 002 599,3 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 50982,3 мың теңге; 4) тапшылық - 50982,3 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 50982,3 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен - 50982,3 мың теңге»; көрсетілген шешімнің 4-тармағындағы: «12624 мың теңге» саны мен сөзі «8477 мың теңге» саны мен сөзіне ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын: «13) 11 029 мың теңге - еңбек ақының ең төменгі мөлшерінің көбеюіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге; 14) 694 мың теңге - жоғары оқу орындарда оқу үшін тұрмысы нашар отбасылардағы мектеп түлектеріне материалдық көмекке»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3