О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 116 бабына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, бұрын: «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 47 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-86, № 5 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 1 ақпанда жарияланған, «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 80 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-96, № 19 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 9 мамырда жарияланған, «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 22 шілдедегі № 89 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-98, № 31 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 1 тамызда жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 2 040 904 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 887 664 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 4 870 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 11 280 мың теңге;
алынған трансферттер бойынша - 1 137 090 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 237 339 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 210 870 мың теңге;
2) шығындар - 2 091 886,3 мың теңге;
3) операциялық сальдо (теріс) - 50 982,3 мың теңге;
4) тапшылық - 50 982,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 50 982,3 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен - 50 982,3 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 4 тармағындағы:
«11 400 мың теңге» саны мен сөзі «11 265 мың теңге» саны мен сөзіне ауыстырылсын;
«5 548 мың тенге» саны мен сөзі «5 541 мың теңге» саны мен сөзіне ауыстырылсын;
«29 464 мың теңге» саны мен сөзі «29 462 мың теңге» саны мен сөзіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) 87 029 мың теңге - 2008 - 2009 жылдардағы жылу маусымын өткізуге;
16) 38 000 мың теңге - табыстар зияндарын өтеуге;
17) 2 402 мың теңге - мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға»;
көрсетілген шешімнің 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2008 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, 1 735 мың теңге сомасына, оның ішінде 1 735 мың теңге сомасына сот шешімдері бойынша міндеттерді атқару резерві бекітілсін»;
көрсетілген шешімнің 1 және 3 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4