О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года N 387 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 10-тармақта "дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақта: 1) тармақшада "дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын; 58) тармақшада "және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын; 59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "59) мониторинг, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды талап ету жолымен;"; 98) тармақша сол күйінде қалдырылсын; 99) тармақшада "және соттан тыс тарату рәсімінің" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын: "103-1) сотқа сыртқы байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау туралы өтінішпен жүгіну;"; 106) тармақшада: "немесе кредит берушілерді соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданғанға" деген сөздер алынып тасталсын; "немесе соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдағаннан" деген сөздер алынып тасталсын; 107) тармақшада: "өтініш беру" деген сөздер алынып тасталсын; "басқарушы" деген сөз "басқарушылар" деген сөзбен ауыстырылсын; "сотқа" деген сөзден кейін "өтініш бере алады" деген сөздермен толықтырылсын; 113) және 115) тармақшалар алынып тасталсын; 152) тармақшада "және", "таратудың соттан тыс рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын; 154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;"; 160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу; мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын: "160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.