О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2008 года № 1239 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несіпбала Әбсағитқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік
саясат және бюджетаралық қатынастар
департаментінің директоры, хатшы
Біртанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Елжан Амантайұлы сақтау вице-министрі
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Ысмайылұлы ақпарат вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Сәдуақасова - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Елдана Мәкінқызы қорғау вице-министрі
мына:
"Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, төраға"
көрсетілген құрамнан Ахметжанова Гүлнәр Тұрдыбекқызы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов