О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 января 2008 года № 28 "Об утверждении ветеринарных нормативов по содержанию животных в личных подсобных хозяйствах в пределах границ населенных пунктов и нагрузки выпаса животных на землях сельскохозяйственного назначения, отведенных для населенных пунктов" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 20) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5145 тiркелген, 2008 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының № 6 актiлер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «нормативін», «нормативі», «норматив» деген сөздер «нормативтерін», «нормативтері», «нормативтер» деген сөздермен ауыстырылсын»; кіріспесінде «21)» деген сан «20)» деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақта «А. Күрiшбаевқа» деген сөздер «С. Хасеновке» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстаудың ветеринарлық нормативінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді.
Тармақ 2
2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауiпсiздiк департаментi (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.