Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»

Қаулы · № 678 · қабылданған 30.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2008-no-387-ekb-115564/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 678 ·30.10.2017
30.10.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 678 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
678
Қабылданған күні
30.10.2017
Көрсетілген редакция
30.10.2017 115564_251343.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000678
ЭКБ идентификаторы
115564
Редакция идентификаторы
115564_251343
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:29

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
114-27), 114-28) және 114-29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«114-27) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi өнімдерін акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн бекiту;
114-28) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекiту;
114-29) мұнай өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133), 134), 135) және 136) тармақшалармен толықтырылсын:
«120) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын жасау, оларды ұсыну қағидаларын бекіту;
121) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын бекіту;
122) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту;
123) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алу-бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
124) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндірісінің паспорттары үшін қажетті мәліметтердің тізбесін бекіту;
125) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін бекіту;
126) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту;
127) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
128) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
129) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі және мерзімдерін айқындау;
130) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібін және мерзімін айқындау;
131) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібін белгілеу;
132) темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
133) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімін бекіту;
134) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
135) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібін бекіту;
136) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) және (немесе) декларанттардың не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адамдардың тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарын салық және (немесе) кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;»;
ведомстволардың функцияларында:
97) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«97) мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 97-9), 97-10), 97-11), 97-12), 97-13), 97-14), 97-15), 97-16), 97-17), 97-18) 97-19), 97-20), 97-21), 97-22), 97-23), 97-24), 97-25), 97-26), 97-27), 97-28), 97-29) және 97-30) тармақшалармен толықтырылсын:
«97-9) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
97-10) мұнай өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
97-11) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлеу;
97-12) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлеу;
97-13) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн-есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi өнімдерін - акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн әзірлеу;
97-14) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн әзірлеу;
97-15) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;
97-16) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
97-17) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлеу;
97-18) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлеу;
97-19) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін әзірлеу;
97-20) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
97-21) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-22) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
97-23) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-24) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-25) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібін әзірлеу;
97-26) темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-27) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
97-28) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-29) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
97-30) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлеу;»;
131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«131) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалар тізілімін жүргізу;»;
144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«144) сот шешімі бойынша:
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу;
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай, банкротты жоюды жүргізу;»;
152) тармақша алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы