О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: 40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «40) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;»; 41) тармақша алып тасталсын; 57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «57) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету (босату);»; 66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «66) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;»; 158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «158) оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін белгілеу;»; мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын: «158-1) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;»; 184) тармақша алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 1-тармақтың 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.