О внесении изменений в решение от 24 декабря 2009 года № 20/7-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 24 декабря 2009 года № 20/7-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива"
- Атауы (қаз.)
- "Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы" 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Нұсқаулық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/7-IV
- Қабылданған күні
- 22.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2012 AI59797_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VI000153
- ЭКБ идентификаторы
- 59797
- Редакция идентификаторы
- AI59797_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:09
0 "Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы" 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жеке санаттардағы мамандарға әлеуметтік көмектерді жақсарту мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/7-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-121 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Ақ бұлақ» және 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауда:
2 тармақтың екінші абзацы келесі мазмұнда жазылсын:
«Әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорттың мемлекеттік ұйымдарының мамандарына біржолғы әлеуметтік көмек жыл сайын 7200 (жеті мың екі жүз) теңге ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.»;
3 3 тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
«Негізсіз төленген әлеуметтік көмектің сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қайтарылады.».