О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 24 декабря 2009 года № 24-15 и постановление городского акимата от 3 декабря 2009 года № 3129 "О переименовании улицы "Садовая" города Уральска" Қолданыста
Басқа 0
Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 24-15 шешіміне және қалалық әкімдіктің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 3129 "Орал қаласының "Садовая" көшесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссияның шешімі негізінде Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 24-15 шешіміне және қалалық әкімдіктің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 3129 "Орал қаласының "Садовая" көшесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-173 тіркелген, 2010 жылғы 4 ақпанда "Жайық үні" газетінде № 5 және 2010 жылғы 4 ақпанда "Пульс города" газетінде № 5 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтағы "С. Дауымов" деген сөз "С. Даумов" сөзімен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.