О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық ставкаларын түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларын», «ставкалары» деген сөздер «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелері» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.