О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-73 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қазақ тіліндегі шешімінің тақырыбындағы «салық мөлшерлемелерін» сөзі «салықтық мөлшерлемелерді» сөзімен; шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің  510 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; 1 тармақта «2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап» сөздері алынып тасталсын; «жоғарлатылсын» сөзі «арттырылсын» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.