О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 86 «Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы» Күшін жойған
Басқа 0
Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 «Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 қазақ тіліндегі «Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-68 тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша «ставкасын», «ставкаларын», «ставкалары» сөздері «мөлшерлемесін», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемері» сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармағында:
«378» сандары алынып тасталсын;
4 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.