О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2011 года № 1197 "Об утверждении Правил заключения Соглашения по применению трансфертного ценообразования" и от 11 ноября 2011 года № 1324 "Об утверждении форм отчетности по мониторингу сделок и Правил осуществления мониторинга сделок" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 және "Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 818-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін табыс етіледі, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін)) (бар болса);»;
3) тармақша алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.