О введении временного запрета на вывоз керосина и внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2011 года № 180 и от 31 марта 2011 года № 331 Қолданыста
Басқа 0
Керосинді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 және 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Мұнай өнімдерінің ішкі нарығында күрделі тапшылық пен бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН коды 2710 11 210 0 - 2710 11 250 0) басқа, 2011 жылғы 7 мамырдан бастап 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзіммен керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында:
1-тармақтағы «2011 жылғы 1 мамырға дейінгі» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
«қолданылу мерзімі» деген бағанда «2011 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
«қолданылу мерзімі» деген бағанда «2011 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Кеден одағы комиссиясының қарауына Кеден одағына қатысушы басқа да мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы күнтізбелік он төрт күн ішінде хабарласын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2011 жылғы 7 мамырдан қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.