О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 августа 2011 года № 523 "Об утверждении Правил допуска автомобильных перевозчиков к осуществлению международных автомобильных перевозок грузов" Қолданыста
Басқа 0
"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауларды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7204 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 148, 1964 «Заң» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасында:
5-тармақта:
6) және 7) тармақшалары алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
(Монополияға қарсы агенттік)
Н.Ә. Әбді ____________________
2011 жылғы 6 желтоқсан