О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года № 385 «Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц и стран, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 маусымдағы № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «В-» немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;»; 1-қосымшаға сәйкес Рейтингілердің салыстырмалы кестесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 10. Рейтингілердің салыстырмалы кестесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 81 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына 1-қосымша Рейтингілердің салыстырмалы кестесі № Standard & Poors Moody's Investors Service Fitch 1. ААА Ааа ААА 2. АА+ Aa1 АА+ 3. АА Аа2 АА 4. АА- Аа3 АА- 5. А+ A1 А+ 6. А А2 А 7. А- A3 А- 8. ВВВ+ Baa1 ВВВ+ 9. ВВВ Ваа2 ВВВ 10. ВВВ- Ваа3 ВВВ- 11. ВВ+ Ba1 ВВ+ 12. ВВ Ва2 BB 13. ВВ- Ва3 ВВ- 14. В+ В1 В+ 15. В В2 В 16. В- В3 В-