О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 24 сентября 2012 года № 46/01 «О расположении специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы» №46/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы» №46/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1945 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 29/01 Қаулысына қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы «24» қыркүйектегі № 46/01 қаулысына қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы № р/н Объект атауы Объекттер мекенжайы 1. «Умай» сауда орталығы Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, К.Маркс көшесі, 9 үй 2. «Корзина» сауда үйі Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, 22 ықшамауданы, 24 үй 3. «Альфа» дүкені Приозерск қаласы, Достық көшесі, 5 үй 4. «Журихин Александр Сергеевич» жеке кәсіпкерінің үй-жайы Саран қаласы, Кужанов көшесі, 2 үй 5. «Евразия» сауда үйі, 1 қабат Теміртау қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 104 үй 6. №10 дүкені Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 46 7. «Үміткерім» дүкені Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі, 19 үй 8. «Универмаг» дүкені Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 88 үй 9. Орталық кітапхана жүйесі Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Бөкейхан көшесі, 41 үй