О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2012 года № 516 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2012 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку племенного животноводства" и от 16 мая 2012 года № 625 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2012 года областными бюджетами на субсидирование повышения продукт Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 және "Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 16 мамырдағы № 625 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1. 2. Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
1) «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) тауар өндiрушiлер ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың төртінші тоқсанында шетелден, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің (бұдан әрi – шет елден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төл) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;»; 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлдің, құс шаруашылығы өнімдерінің әрбiр түрiне, 1 бас тұқымдық бұқаны күтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi. 6. Субсидиялауға мыналар жатпайды: 1) тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндірушілерде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу жөніндегі шығындар; 2) тауар өндiрушiлер өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі; 3) индекстік жүйе бойынша бағаланбаған және таза тұқымдық өсіруге немесе туыстас топтарды шағылыстыруға арналмаған, шетелден (Ресей Федерациясын, Белорусь Республикасын және Украинаны қоспағанда) сатып алған ірі қара малдың асыл тұқымды төлі (қашар және құнажын); ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған және өнімін молайту мақсатында емес сатып алынған бұқалар; 4) өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған, шет елден әкелінген және отандық асыл тұқымды малдан алынған асыл тұқымды және селекциялық қашарлар; 5) бұрын тауар өндiрушiлер және лизингтiк ұйымдар (бұдан әрi – лизинг берушiлер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды және селекциялық төл.»; 8-тармақтың 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) шетелден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты; 9) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін пайдалану бойынша міндеттеме.»; 12-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Тауар өндiрушiлер 2012 жылғы 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде, бөлiмге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды шаруашылықтардан не асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін тауар өндірушілерден асыл тұқымды төл, шет елден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төл, отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан құс шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу бойынша шығындардың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылған өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі және (немесе) бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдарламасына қатыстырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады. Осындай жағдайларда бөлім бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге кері қайтарады. Тауар өндірушілер өтінімді қайта енгізуге құқылы, бірақ белгіленген мерзімнен кешіктірмейді. Аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін тиісті аудан әкімі бекітеді.»; 17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «17. Тауар өндiрушiлер өтiнiм білдірген бюджеттік субсидиялардың талап етілетін көлемі бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, комиссия тауар өндiрушiлердiң етті бағыттағы iрi қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлiн сатып алуға берген өтiнiмдерiн басым тәртiппен қанағаттандырады, қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді.»; 19-тармақ: 2-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) шет елден әкелінген селекциялық төлді сатып алу кезiнде: сатып алу-сату шартының көшiрмесiн; төлем құжаттарының көшiрмелерiн; әкесінің желісі бойынша малдың таза тұқымдылығын және шығу тегін растайтын асыл тұқымдық куәлiгiнiң немесе оған балама құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, құжаттың түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн; шет елден әкелінген селекциялық төлдi кiрiске алу актiсiн; 4-1) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде: лизинг шартының көшiрмесiн; лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi; әкесінің желісі бойынша малдың таза тұқымдылығын және шығу тегін растайтын, экспорттаушы елдің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiктiң немесе оған балама құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте құжаттың түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;»; 5) және 6) тармақшалардың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «шағылысу маусымы аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектіде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың жүргізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні;»; 20-тармақтың бірінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «20. Асыл тұқымды өнiм (шет елден әкелінген ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін қоспағанда) құнының кемiнде 50%-ын төлеген тауар өндiрушiлердi бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзуге жол берiледi. Бұл ретте, тауар өндiрушiлер бөлiмге: «сатып алынған малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты ұсынады (селекциялық малдан басқа).»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Бөлiм құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болған және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өтінімнен бас тартуға негіз болмаған жағдайда бөлім асыл тұқымды және селекциялық төлдiң, құс шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғаны туралы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы жиынтық акт жасайды, бекiтедi және төлем құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, басқармаға ұсынады. Бұл ретте, бөлім басқармаға ұсынылатын растау құжаттарының дұрыстығын және сапасын қамтамасыз етеді. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес келмеген және осы Қағидалардың 6-тармағымен бюджеттік субсидиялар ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бөлім ұсынылған құжаттарды оларды тіркеген күнінен бастап жеті жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып, тауар өндірушілерге қайтарады. Ірі қара малдың сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлiнің арзандатылғаны туралы мәлiметтi бөлiм бюджеттiк субсидиялардың тауар өндiрушiнiң (не лизинг берушінің) банктiк шотына аударылғаны туралы ақпаратты басқармадан алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiне енгiзуi тиiс.»; Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымшада: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын: « 7. Та­у­ар өн­дiру­шiлер са­тып ал­ған ше­тел­ден са­тып ал­ған се­лек­ци­я­лық ірі қа­ра мал тө­лі­нің құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1. Бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тал­дау жүй­е­сі­нің ба­за­сы­нан алын­ған үзін­ді­мен рас­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.** 2. Мал­дар­дың бiр­дей­лен­дi­ру нө­мiрiнiң және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру жө­нін­де­гі бiрың­ғай де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.** 3. Са­тып алы­на­тын се­лек­ци­я­лық төл­дің жа­сы шарт жа­са­су ке­зін­де мы­на­лар­дан ас­па­уы ти­іс: қа­шар­лар – 18 ай­ға дей­ін; құ­на­жын­дар – 26 ай­ға дей­ін. 4. Мы­на­дай мін­дет­те­ме­лер ұсы­ну: 1) се­лек­ци­я­лық қа­шар­лар­ды (құ­на­жын­ды) өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл та­за тұқым­ды өсі­ру жо­лы­мен пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) се­лек­ци­я­лық ірі қа­ра мал­ды және одан алын­ған төл­ді та­бын­ды өз тө­лі­нен өсі­ру үшін тек Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да үш жыл ішін­де пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 3) ет­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша; 4) ірі қа­ра мал­дың ти­іс­ті тұқым­да­ры бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 5) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы. »; Ескертпенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «** Асыл тұқымды және селекциялық төлді жоспарланған сатып алу (әкелу) бойынша тиісті тіркеу мерзімі тиісті тауар өндірушінің міндеттемесінде көрсетіледі.»; Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 2-қосымшада: 1-бөлімнің «жылқы» деген тарауы мынадай редакцияда жазылсын: « Жыл­қы 1. Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ки­ло­грамм­нан ті­рі сал­ма­ғы­на 118 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Кө­шім жыл­қы­сы 3. Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы 4. Қа­з­ақ­тың адай жыл­қы­сы »; 2 және 3-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын: « 2. Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Мал­дың тип­те­рі мен тұқым­да­ры 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге Ірі қа­ра мал 1. Қа­ра-ала (гол­ш­тин) сиыр Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 107 000 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Қы­зыл (қыр­дың қы­зыл) сиыр 3. Қо­ңыр (ала­тау) сиыр 4. Қыз­ғы­лт са­ры шұ­бар (сим­мен­тал) сиыр 5. Әу­ли­е­а­та сиы­ры 6. Айр­шир сиы­ры 7. Қа­з­ақ­тың ақ­бас сиы­ры 8. Әу­лие­көл сиы­ры 9. Сан­та-гер­тру­да сиы­ры 10. Ша­ро­ле сиы­ры 11. Ге­ре­форд сиы­ры 12. Ан­гус сиы­ры 13. Гал­ло­вей сиы­ры 14. Швиц сиы­ры 15. Қал­мақ сиы­ры 3. Тауар өндiрушiлер сатып алған шетелден әкелінген асыл тұқымды төлдiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Тұқы­мы Экс­порт­та­у­шы ел­дер 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Ет­ті, сүт­ті және ара­лас тұқым­дар Еуро­па ел­де­рі Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 140 000 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Ет­ті, сүт­ті және ара­лас тұқым­дар Ав­стра­лия, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 214 000 тең­ге­ден ас­пай­ды 3. Сүт­ті тұқым­дар Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы, Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы және Укра­и­на Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 107 000 тең­ге­ден ас­пай­ды »; мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын: « 3-1. Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген ірі қара малдың селекциялық төлiнің құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Тұқы­мы Экс­порт­та­у­шы ел­дер 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Ет­ті тұқым­дар Ав­стра­лия Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 170 000 тең­ге­ден ас­пай­ды »; 6-бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «- Асылдандыру шаруашылығы мәртебесін алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.»; Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 4-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) «Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 625 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi - құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi - тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi - маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi - биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндiрушiлерге сиыр етінің, шошқа етінiң, сүттің, қой етiнің, жылқы етiнің, биязы жүннiң есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсiпорындарына (цехтарына) (бұдан әрi - қайта өңдеу кәсiпорындары), сою алаңдарына (пункттерiне) немесе қайта өңдеу кәсiпорындарының қызметiн пайдалану шартымен еркiн нарықта, ал құс етінің, тағамдық жұмыртқаның, қымыздың және шұбаттың – облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен квоталар шегiнде еркiн нарықта сатылған iс жүзiндегi көлемiне төленедi;»; 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;»; 9-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Тауар өндiрушiлер 2012 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей, бөлiмге белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға арналған өтiнiмдер ұсынады.»; 11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бөлiм аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны тиісті аудан әкімі бекітеді.»; 16-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелері (шарт, шот-фактура);»; мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген қымыз, шұбат, құс еті және тағамдық жұмыртқаны өндірумен айналысатын тауар өндiрушiлер бөлімге қымыз және шұбат бойынша өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерін, ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімін ұсынады.»; Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымшада: 4-бөлімнің 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 1. 01.01.12 ж. 400-ден кем емес сиыр мен қа­шар­лар­дың мен­шiк­тi ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы Са­уын сиыр­лар мен құ­на­жын­дар­дың ор­та­ша жыл­дық бас са­ны (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 350-ден кем емес та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 4500 кг кем емес***** тиiстi ин­фра­құ­ры­лы­мы бар қазiр­гi за­ман­ғы сүт ке­шенiнiң (ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған са­уу, көң шы­ға­ру және азық та­ра­ту, ав­то­су­а­ру және азық цехы) бо­луы »; 11-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 3. Қы­мыз өн­ді­ре­тін цех­тың (үй-жай, қы­мыз жи­най­тын және (неме­се) өн­дiретiн ыдыс) бо­луы »; 12-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 3. Шұ­бат өн­ді­ре­тін цех­тың (үй-жай, шұ­бат жи­най­тын және (неме­се) өн­дiретiн ыдыс) бо­луы »; 21-бөлімнің 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 2. Мал азығы да­қы­лы­ның және (неме­се) ша­бын­дық (ша­бы­ла­тын) да­қыл­дың және (неме­се) мал азығ­ын са­тып алу­ға ке­лі­сім-шар­ттың бо­луы »; Ескертпе мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «***** Талап 2011 жылы пайдалануға енгізілген тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешендеріне қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Басқа 0. _______________________ облысы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1222 қаулысына қосымша Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 4-қосымша «Бекітемін» _______________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________ (аты-жөні, қолы, мөрі) 2012 жылғы «__» ____________ _______________________ облысы бойынша 2012 жылдың ___ ____ үшін асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) _____________________________________________________________________ (асыл тұқымды және селекциялық төл, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомост * Ата­уы Жыл­дық кво­та Бір бір­лік (бас, кг т/с, да­на) үшін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Асыл тұқым­ды өнім­нің асыл­дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са­тып алын­ға­ны (бас, кг т/с, да­на) Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ген, тең­ге Бюд­жет­тік суби­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге аудан асыл тұқым­ды өнім­ді неме­се асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал­ды са­тып алушы (бас, кг, да­на) тең­ге жыл ба­сы­нан­ба­стап есеп­ті ай ішін­де * сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады. Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) __________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)