О внесении изменений в решение Жезказганского городского маслихата от 24 мая 2012 года № 6/51 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Жезказгана" Күшін жойған
Басқа 0
Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1.Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымдағы № 26 (7776) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 22 маусымдағы № 25 (321) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған), Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы IX сессиясының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 9/75 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1929 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 41 (7791) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 40 (336) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған), Жезқазған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 7 ақпандағы XII сессиясының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" № 12/103 шешімімен өзгеріс пен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2204 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 11 (7815) "Сарыарқа" газетінде және 2013 жылғы 22 наурыздағы № 11 (360) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 тармақтың 3 тармақшасындағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 2 тармақтың алтыншы абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
Тармақша 4
4) 20 тармақтың 7-1) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 6
2.Осы шешім бірінші жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.