О внесении изменений в решение Жезказганского городского маслихата от 24 мая 2012 года № 6/51 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Жезказгана" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Жезқазған, қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымдағы № 26 (7776) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 22 маусымдағы № 25 (321) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 20 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "20. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
Тармақша 2
2) 21 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.