О внесении изменений в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы №9 (12115) «Балқаш өңірі», 2014 жылғы 29 қаңтардағы №9 (1188) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:
2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:
көп балалы ананың жәрдемақысын алушыларға.
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:
жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға.»;
Тармақша 2
2) 11 - тармағындағы 7) тармақша алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 18 - 1, 26 - 1, 26 - 2 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қала әкімі
А. М. Аглиулин
2018 жыл 30 наурыз
«Балқаш қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж. Қ. Томпиева
2018 жыл 30 наурыз
«Балқаш қаласының экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
З. С. Шлыкова
2018 жыл 30 наурыз