О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) «Балқаш өңірі», 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, 2014 жылдың 31 қаңтарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында: 8) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын: «8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; саяси қуғын - сүргіндер құрбандары және саяси қуғын - сүргіндерден зардап шеккен адамдарға; Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына;»; мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) 6 шілде - Астана күні мерекесіне: Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына.»;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.