О внесении изменения в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/7 «Об установлении дополнительных мер по оказанию материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны» Күшін жойған
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/7 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/7 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3970 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай төлем түрінде 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша шаралар белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласы
әкімінің міндетін атқарушы
С. Шабаров
03.04.2018 ж.