О внесении изменений и дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска» Күшін жойған
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті Степногорск аудандық бөлімшесі;»;
11-тармағы келесі мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
«3) фтизиатрда есепте тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 9 айлық есептік көрсеткіш.»;
2-тармағының 6) тармақшасы, 12-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев