О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 8
«8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
Тармақша 2
2) Қарттар күні – 1 қазан;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз.»; 10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 10
«10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; еңбек ардагерлеріне; «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
Тармақша 2
2) Қарттар күніне: ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне: зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге; мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.