О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.»; 16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.