О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
«11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) фтизиатрда есепте тұрған және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»; 11-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 11-1
«11-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алушылардан өтініштер талап етілмей, азаматтарға (отбасыларға) ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі: денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде; денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.