О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 37-5) тармақшамен толықтырылсын: «37-5) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін келісу;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.