О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 148 «Об утверждении типового перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму города районного значения, села, поселка, сельского округа» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 11, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 776 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысымен бекітілген Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) және мәдени-демалыс қызметі (мәдениет үйлері) салаларында қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері.
Тармақ 2
2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.
Тармақ 3
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер және өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, гүлзар, демалыс орны, ескерткіш).