О внесении дополнения в решение Таласского районного маслихата от 24 июля 2014 года № 35 – 10 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Таласском районе» Күшін жойған
Басқа 0
«Талас ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 35 - 10 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 39 – 3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Талас ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 35 – 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2288 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 тамыздағы № 74 – 75 аудандық «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
«Талас ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы» № 2 қосымшадағы «Қаратау қаласы» тарауындағы «Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй атаулары» бағаны «К.Берікбайұлы» көшесімен, «Өкілдерінің сандық құрамы» бағаны «1» санымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.