О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 511 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной заявки" Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсынуқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну :
9-мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттiк өтiнiмге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеме құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде - тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлғалар қол қояды.
Бюджеттік өтінімде бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі жауапты орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) (бұдан әрі – тегі, а.ә.), лауазымы, жұмыс телефоны міндетті түрде көрсетіледі.»;
11-мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша Қағидаларға - сәйкес нысандар бойынша жоспарлы кезеңнiң әрбiр жылына берiледi.»;
12-мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп айырысулар жасалмайды, тек қана үшiншi жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстардың түрлерi бойынша есеп айырысулар жоспарланып отырған жоспарлы кезең жылдарының бөлінісінде жасалады және осы бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) ұсынылады.»;
14-мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Шығыстардың есептеулеріне, сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша шығыстардың түрлері бойынша қосымша егжей-тегжей есептеулер мен негіздемелерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайларда – мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал соңғылары болмаған кезде – тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлға, тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарламаның басшысы және қаржы-экономикалық қызметiнiң басшысы бұдан (әрі – бас бухгалтер (қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы) қол қояды.»;
17-мынадай редакцияда жазылсын:
«17. 111 «Еңбекақы төлеу» ерекшелiгi бойынша шығыстардың есептеулері Қағидаларға - сәйкес 01-111, 02-111, 03-111, 04-111, 05-111, 06-111, 07-111, 08-111, 09-111, 10-111, 11-111, 12-111, 13-111, 14-111, 15-111 нысандары бойынша жасалады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.