Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 24 апреля 2014 года № 83 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности"

Қаулы · № 268 · қабылданған 30.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-83/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 24 апреля 2014 года № 83 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности" Күшін жойған Қаулы ·№ 268 ·30.10.2014
27.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 24 апреля 2014 года № 83 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 268 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 24 апреля 2014 года № 83 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности"
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
268
Қабылданған күні
30.10.2014
Көрсетілген редакция
27.07.2015 85070_284257.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14M0002544
ЭКБ идентификаторы
85070
Редакция идентификаторы
85070_284257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:08

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9432 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2436 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы блок-схемамен сүйемелденеді.»;
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесінде (іс-қимылдардың) реттілігінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдерінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы блок-схемамен сүйемелденеді.»;
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесінде (іс-қимылдардың) реттілігінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдерінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттіккөрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы блок-схемамен сүйемелденеді.»;
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесінде (іс-қимылдардың) реттілігінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдерінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2

2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарда мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Ж. Есбергенов
30 қазан 2014 жыл

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 қазан
№ 268 қаулысына
1-қосымша
«Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс
жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 қазан
№ 268 қаулысына
2-қосымша
«Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс
жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

7 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 қазан
№ 268 қаулысына
3-қосымша
«Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналастырылуын бекіту
туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

8 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 қазан
№ 268 қаулысына
4-қосымша
«Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналастырылуын бекіту
туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

9 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 қазан
№ 268 қаулысына
5-қосымша
«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

10 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 қазан
№ 268 қаулысына
6-қосымша
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді
жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Қолданыстағы