О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 1053 «Об установлении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя, связанной с принятием принудительных мер по исполнительным документам о взыскании алиментов и заработной платы» Күшін жойған
Басқа 0
«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1053 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 527-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушылық іс жүргізуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.