О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қаржы Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қаржы Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 7. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 435 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау ҚАҒИДАЛАРЫ
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-19) тармақшасына сәйкес жасалды және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау (бұдан әрі – шығыстар) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жол учаскелері мен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы темір жол учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау тәртібі 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияландырылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына сәйкес бекітілетін теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджет атқаруды жүзеге асыру бойынша орталық уәкілетті орган – республикалық бюджетті орындау, бухгалтерлік есеп жүргізу, бюджет есептілігін жүргізу саласында басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ішінде салалараралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; өз құзыреті шегінде – жергілікті бюджеттер мен бюджеттік емес қорларға қатысты;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып, Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 4
4) тіркеушінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – бірінші деңгейлі жүйе) – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын және олардың алушыларын бақылау жүйесі, ақпараттық жүйемен интеграцияланған, өтініш берушілердің өтініштерінің эталондық электрондық реестрін қамтитын жүйе, онда соңғы постформаттық-логикалық бақылау арқылы өтініш берушінің негізгі критерийлерге сәйкестігі және бюджеттен төлем алу құқығы туралы шешім қабылданады;
Тармақша 5
5) тіркеушінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – екінші деңгейлі жүйе) – екінші деңгейлі салалық ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қызмет персоналы және техникалық құжаттамалардың ұйымдастырылған жинағы, әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау үшін арналған, оның арқылы тасымалдаушылардан есептілікті қабылдау, оны форматтық-логикалық бақылау қолдана отырып өңдеу және өңделген өтініштерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
Тармақша 7
7) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқару холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 8
8) шарт – уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және тасымалдаушы арасында жасалған, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы шарт;
Тармақша 9
9) шектеу критерийлері – мемлекеттік қолдау шарасын көрсету туралы шешім қабылдау үшін бірінші деңгейлі жүйеде өтініш берушіге қойылатын талаптар.
Бөлім 2. 2-бөлім. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты асымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау тәртібі
2-бөлім. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты асымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау тәртібі
Тармақ 1. Параграф 1. Субсидия мөлшерін анықтау
Параграф 1. Субсидия мөлшерін анықтау
Тармақ 4
4. Ұзақ мерзімді субсидиялар тасымалдаушыларды таңдау бойынша ашық тендермен айқындалатын тасымалдаушының шығындарына беріледі. Тендер өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасымен реттеледі. Субсидиялар тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде беріледі.
Тармақ 5
5. Облысаралық қатынастар уәкілетті органдармен, ал ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастары – жергілікті өкілдер және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық атқарушы органдармен айқындалады.
Тармақ 6
6. Тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарын есепке ала отырып облысаралық қатынастардағы шығыстарды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома мөлшерінде субсидияланады.
Тармақ 7
7. Тасымалдаушының ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастарындағы шығындар тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, тиісті жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде субсидияланады.
Тармақ 8
8. Әрбір пойызға, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарға қатысты шығыстарды жыл сайын субсидиялаудың жалпы сомасы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген тиісті бюджетпен көзделеді, бұл әдістеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) бекітілген.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік орган жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тасымалдаушылар үшін тиісті жылға субсидиялауға бөлінген көлемдегі мемлекеттік бюджетті есепке ала отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициенттін белгілейді.
Тармақ 10
10. Пойыздардың тізбесі, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы пойыздардың, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің көлеміділігі уәкілетті және атқарушы органдар тарапынан жолаушылар ағынының көрсеткіштері мен қатынастардың әлеуметтік маңыздылығына негізделе отырып, сәйкес деңгейдегі бюджеттен бөлінген қаражат шегінде айқындалады.
Тармақ 11
11. Жолаушылар пойыздарының құрамында мейрамхана вагондары мен жүк вагондары, сондай-ақ жолаушылар пойыздарының қатынасын (эксплуатацияны) қамтамасыз ету үшін қажетті технологиялық вагондарды қатынайтын тасымалдаушыларға мемлекеттік орган осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жыл сайын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдардың өтініштерінде көзделген мөлшерде магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
Тармақ 12
12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін тиісті бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.
Тармақ 13
13. Ұзақ мерзімді субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті бекітілген бюджетке сәйкес келетін деңгей шегінде жолаушылар поездарының қатынауын қамтамасыз ету үшін технологиялық қажет вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.
Тармақ 14
14. Субсидиялау мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі аясында жүзеге асырылады, оған мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) бірінші деңгей – екінші деңгей жүйелерімен интеграцияланған тіркеушінің ақпараттық жүйесі, мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтініштерінің эталондық электрондық реестрін қамтитын, онда соңғы постформаттық-логикалық бақылау арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушының шектеу критерийлеріне сәйкестігі анықталады;
Тармақша 2
2) екінші деңгей – салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер, олар арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтініштер қабылданады, форматтық-логикалық бақылау қолдана отырып өнделеді және өнделген өтініштер бірінші деңгейге беріледі.
Тармақ 15
15. Ұзақ мерзімді субсидиялауға әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты тасымалдаушының тиісті деңгейде бекітілген бюджет шегіндегі барлық түрдегі шығындары, мына төмендегілерді қоспағанда, жатады:
Тармақша 1
1) ластаушы заттарды нормативтен тыс шығарғаны (төгіндісі) үшін төлемдер;
Тармақша 2
2) үмітсіз берешек;
Тармақша 3
3) шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және өзге де санкциялар, сондай-ақ сот шығындары;
Тармақша 4
4) табысты жасыру (төмендету) үшін салынатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар салған әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және өзге де санкциялар;
Тармақша 6
6) ұрлық нәтижесінде келтірілген шығындар;
Тармақша 7
7) маманжандырылған техникалық учищелерді, колледждерді және жоғары колледждерді қоспағанда, денсаулық сақтау нысандарын, балалаардың мектепке дейінгі ұйымдарын, оқу орындарын ұстауға арналған шығындар;
Тармақша 8
8) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт нысандарын, тұрғын үй қорын ұстауға арналған шығыстар;
Тармақша 9
9) қызметкерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсарту, саяжай үйін сатып алу және жеке шаруашылық жүргізу үшін берілген, оның ішінде пайызсыз, несиелерді өтеуге арналған шығыстар;
Тармақша 10
10) мәдени-ағартушылық, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығыстар;
Тармақша 11
11) бақша серіктестіктерін абаттандыруға арналған шығыстар (жол құрылысы, энергия және сумен қамтамасыз ету, жалпы сипаттағы басқа да шығыстар);
Тармақша 12
12) демеушілік көмек көрсетуге және басқа да қайырымдылық түрлеріне арналған шығындар;
Тармақша 13
13) ақаудан болған шығындарға;
Тармақша 14
14) қызметкерлерді орналастыру үшін тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды, жатақханалар мен қонақүйлердегі орындарды сатып алуға, жалға алуға және ұстауға арналған шығыстар (вахталық өндірісті ұйымдастыруды қоспағанда);
Тармақша 15
15) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындарға, тауар-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне, қоймалардағы қорларға және басқа да өндірістік емес шығыстарға арналған шығыстар;
Тармақша 16
16) оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, дәрістерді, көрмелерді, ғылыми және өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығыстар (өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда);
Тармақша 17
17) сақтандыру төлемдері (тасымалдаушы өз қызметкерлерінің пайдасына жасасқан жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша төлейтін жарналары) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен көзделген әлеуметтік сақтандыру төлемдерін қоспағанда;
Тармақша 18
18) заңнамада көзделмеген қосымша демалыстар үшін, оның ішінде баланы тәрбиелеп отырған әйелдерге берілетін демалыстар үшін қызметкерлерге ақы төлеуге, сондай-ақ қызметкердің отбасы мүшелерінің демалыс орнынa барып-қайту жолақысын төлеуге арналған шығыстар;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес көзделген жеңілдіктерден басқа, тасымалдаушы қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер бойынша шығыстар;
Тармақша 20
20) мектепке дейінгі ұйымдарда, санаторийлерде және сауықтыру лагерьлерінде жүрген балалардың тамақтану құнын өтеуге арналған шығыстар;
Тармақша 21
21) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударылатын қаражат бойынша шығыстар.
Тармақ 16
16. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде және (немесе) форс-мажорлық жағдайлар жолаушылар және қала маңындағы поездардың мәжбүрлі тоқталуы кезінде тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау қызметін тоқтата тұруға байланысты іс жүзінде жұмсаған шығындары, осы Қағидалардың 15-тармағында айқындалған шығындардан басқа, жатады.
Тармақ 17
17. Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидиялар көлемін вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне барабар қайта қарауға, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгертуге жол беріледі.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша ағымдағы кезеңге айқындалған субсидия көлемі белгіленген вагондардың, тіркелмелі және тікелей вагондардың жүріс қашықтығы өзгерген жағдайда, түзетілген жүріс қашықтығына сәйкес субсидия көлемі шартқа сәйкес қолданыстағы жүріс қашықтығына пропорционалды түрде айқындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Субсидия төлеу шарттары
2-параграф. Субсидия төлеу шарттары
Тармақ 19
19. Субсидияларды сәйкес деңгейдегі бюджеттен төлеу қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Қаржыландыру жоспары субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе оператормен келісу бойыншға уәкілетті органмен бекітіледі.
Тармақ 21
21. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген расталған есептік құжаттамамен жасалған шартқа сәйкес тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Шынайы жүзеге асырылған тасымалдаулардың растамасы ретінде поезддердің қатынау кезеңділігін орындау және вагондардың түрлері бойынша ай сайынғы азайтылмайтын жүру көлемін қамтамасыз ету келісім-шарт талаптарына сәйкес қарастырылады.
Тармақ 24
24. Шартқа сәйкес жылдық субсидиялау сомасынан 25%-ға дейінгі мөлшерде төлемақы көзделеді.
Тармақ 25
25. Субсидиялардың кейінгі төлемдері жүзеге асырылған және расталған тасымалдарға сәйкес төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүргізіледі. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу жасалған шартқа сәйкес жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Субсидия төлемі шартта көрсетілген тасымалдаушының мақсатты шоттарына (бұдан әрі – Бірыңғай шот) аударылады.
Тармақ 27
27. Бірыңғай шоттан шығындарды төлеу төлемнің мақсаты, кезеңі және төлеу негізі (келісімшарт болған жағдайда) көрсетіле отырып жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылы субсидияларының қаражатын алдыңғы қаржы жылдарының қарыздарын өтеуге, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған аванс төлемдер мен кепілдік қамтамасыз етулерді төлеуге бағыттау рұқсат етіледі, бұл әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаумен байланысты шығындарға қатысты.
Тармақ 28
28. Тасымалдаушы есепті кейінгі айдың 25-күніне дейін уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұйымның басшысы, бас бухгалтері қол қойған және мөрімен расталған келесі құжаттарды ай сайын ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнің басынан бастап жинақталған түрде әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы есеп;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстардың актісі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша қатынайтын пойыздар, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша вагондардың түрлері және вагон айналымы көлемінің орындалуын растайтын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын маршруттардың тізілімі;
Тармақша 5
5) тасымалдаушыға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату қызметін көрсететін ұйымның әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша пойыздарда, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарда орындалған тасымал көлемдерін, тасымалданған жолаушылар саны, жолаушылар айналымы және вагондардың толымдылығы туралы мәліметтерді растайтын құжаты;
Тармақ 29
29. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тасымалдаушы субсидия төленетін бірыңғай шот бойынша есепті кезеңге арналған банктік көшірмені ұсынады.
Тармақ 30
30. Желтоқсан айына төлем әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жоспарланған жолаушылар тасымалы негізінде тасымалдаушының дайындаған есебіне сәйкес жүргізіледі. Желтоқсан айына нақты есеп тасымалдаушы тараптар арасындағы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімде тапсырылады.
Тармақ 31
31. Егер уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушының Біртұтас есепшотындағы бюджет қаражатын осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға жатпайтын шығындарды өтеуге пайдаланған фактілерді анықтаса, тасымалдаушы 30 күнтізбелік күн ішінде анықталған бұзушылық сомасына тең субсидияларды қайтаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Біртұтас есепшотты тасымалдаушының басқа міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу үшін пайдалану рұқсат етілмейді, тек субсидияларды аудару және осы Ереженің 26 және 27-тармақтарында көрсетілген шығындарды төлеу мақсатында қолдануға болады. Дауларды реттеу тәртібі келісімшартпен реттеледі.
Тармақ 32
32. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген құжаттар тасымалдаушылар тарапынан ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды және есепті кезеңге арналған осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес субсидияланатын маршруттардың тізілімін және төлеуге арналған шоттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық аумақтық органына ұсынады.
Басқа 1. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеп 20 __ жылғы _________ (облысішілік/ауданаралық қатынастар үшін)
Әлеуметтік мағызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімде субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеп 20 __ жылғы _________ (облысішілік/ауданаралық қатынастар үшін) Ке­заң (ай) По­езд № Қа­ты­нас Ара қа­шық­тық, км Қа­ты­нау жи­і­лі­гі Ва­гон ти­пі Ва­гон­дар­дың азай­май­тын жүр­ген жо­лы мың.ваг/км Ва­гон­дар­дың жү­ріс қа­шық­тығы, мың ваг/км Ва­гон­дар­дың жү­рі­сі, мың.ваг/км Та­сы­мал­дан­ған жо­ла­у­шы­лар, мың. адам То­лым­ды­лық, адам/ваг 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Басшы Бас бухгалтер Мөрдің орыны (бар болған жағдайда)
Басқа 2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20 __ жылғы ____________ (облысішілік/ауданаралық қатынастар үшін)
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімде субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20 __ жылғы ____________ (облысішілік/ауданаралық қатынастар үшін) Ке­заң (ай) По­езд № Қа­ты­нас Ара қа­шық­тық, км Қа­ты­нау жи­і­лі­гі Ва­гон ти­пі Ва­гон­дар­дың азай­май­тын жүр­ген жо­лы мың.ваг/км Ва­гон­дар­дың жүр­ген жо­лы, мың.ваг/км Жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы мың.жол.км Жо­ла­у­шы­лар­дың та­сы­мал­да­нуы, мың. адам Шы­ғы­стар­ды ұзақ мер­зім­ді суб­си­ди­я­лау кө­ле­мі, мың.тең­ге жыл ба­сы­нан тө­лен­ген суб­си­дия жыл ба­сы­нан тө­лен­ген суб­си­дия 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 13 14 Басшы Бас бухгалтер Мөрдің орыны (бар болған жағдайда)
Басқа 3. Орындалған жұмыстар актісі
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімде субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан Орындалған жұмыстар актісі 20___жыл «__»_______ Біз, төменде қол қойып отырғандар ____________________________________________ (қолы, акт қабылдауға жауапты басшының аты-жөні (бар болған жағдайда)) Бір тараптан _______________________________________________________________ (қолы, басшының, бас бухгалтердің аты-жөні(бар болған жағдайда)) ________________ 20___жылы екінші тараптан осы орындалған жұмыстар актісін жасап По­езд № Қа­ты­нау күн­де­рі­нің са­ны Ва­гон ти­пі Ва­гон ай­на­лы­мы, мың.ваг-км Азай­май­тын ва­гон ай­на­лы­мы, мың.ваг-км Суб­си­ди­я­лау со­ма­сы (мың.тең­ге) 1 2 3 4 7. 8 Ку­пе Плац­карт Жал­пы Қыз­мет­тік-тех­ни­ка­лық электр пой­ы­зы ди­зель пой­ы­зы БАР­ЛЫ­ҒЫ 20 ___ жылғы _______________ субсидиялау сомасы _____________________________________________________________ құрайды (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады) Та­рап­тар­дың заң­ды ме­кен- жайы: Упол­но­мо­чен­ный ор­ган: БЖН: Банк рек­ви­зит­те­рі Та­сы­мал­да­у­шы: БЖН: Банк рек­ви­зит­те­рі ________________________________ (қо­лы, бас­шы­ңың аты-жө­ні (қо­лы, бас­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) _________________________________ (қо­лы, бас­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) _________________________________ (қо­лы, акт қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты бас­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) __________________________________ (қо­лы, акт қа­был­да­у­ға (қо­лы, бас бух­гал­тер­дің аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да)
Басқа 4. Субсидиялау маршруттарының тізілімі «___» ______________20___ жыл
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау Қағидасына 4-қосымша нысан Субсидиялау маршруттарының тізілімі «___» ______________20___ жыл № р/н По­ез­дың № Жө­нел­ту стан­ци­я­сы Же­ту стан­ци­я­сы Суб­си­ди­я­лау со­ма­сы (мың.тең­ге) 1 2 3 4 5 Субсидиялау сомасының барлығы: ____________________________________________________________________ (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады) Осы тізілімге қоса беріліп отыр: 1. _______________________________ 2. _______________________________ 3. _______________________________ Та­рап­тар­дың заң­ды ме­кен- жайы: Упол­но­мо­чен­ный ор­ган: БЖН: Банк рек­ви­зит­те­рі Та­сы­мал­да­у­шы: БЖН: Банк рек­ви­зит­те­рі ________________________________ (қо­лы, бас­шы­ңың аты-жө­ні (қо­лы, бас­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) _________________________________ (қо­лы, бас­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) _________________________________ (қо­лы, акт қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты бас­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) __________________________________ (қо­лы, акт қа­был­да­у­ға (қо­лы, бас бух­гал­тер­дің аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да)) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да) Мөр­дің ор­ны (бар болған жағ­дай­да)