О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 «О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынсын.»; бұйрықтың орыс тіліндегі 3-тармақтарына өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгерілмейді; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшадағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу»: 25-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «25. Мына: 1) өсімін молайту кәсіпорындарын (мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде); 2) ғылыми зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарын; 3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға, бекіре тұқымдас балықтарды және оның дериваттарын (уылдырығын) пайдалануға тыйым салу енгізілсін.»; осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын. 2.Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына 3-қосымша Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу
Тармақ 1
1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 Қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 378) тармақшасына сәйкес және жануарлар дүниесін сақтап қалу және өсімін молайту мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Шектеу мен тыйым салу жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімге аң аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшерін бір аңшыға бес дараққа дейін шектеу қойылсын.