О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 "О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте ресми жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, 1-қосымшадағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу»: 6-тармағының 3) тармақшаcы алынып тасталсын. 8-1. - тармақпен толықтырылсын: «8-1. Шардара су қоймасында қоймалы ауды қолдануға тыйым салу енгізілсін.» көрсетілген бұйрықпен бекітілген, 2-қосымшасындағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері»: 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.