О внесении изменений в решение районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 277 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл
ауданында әлеуметтік көмек көрсету,
мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4724 тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
7 тармақтың 3 абзацы алынып тасталсын;
8 тармақтың:
2) тармақшасындағы орыс тіліндегі «1 (одного)» сөзі «2 (двух)» сөзімен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы «және он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы» сөздері алынып тасталсын;
10 тармақтың 3) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2-еселік мөлшерінен аспауы және әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 еселік мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан) аспайтын болуы негіздеме болып табылады.»;
12 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«5» наурыз 2018 жыл