О внесении изменения в решение Махамбетского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 349 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Махамбетском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет ауданы мәслихатының «Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Махамбет аудандық мәслихатының «Махамбет ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3433 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.