О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 488 «Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня обязательных теле-, радиоканалов» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2012 жылғы 18 қаңтардағы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларында: 1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі»; 8 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі.»; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: «10-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген үміткерлердің конкурстық ұсыныстарын ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді»; 18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.»; 1 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 547 бұйрығына қосымша Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссияның төрағасына Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жалпы мәліметтер:
Тармақ 1
1. Заңды тұлғаның толық атауы / жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________
Тармақ 2
2. Заңды мекенжайы: _____________________________________________________________
Тармақ 3
3. Телефондардың, факстердің нөмірлері: _____________________________________________________________
Тармақ 4
4. Теле-, радиоарнаның атауы: _____________________________________________________________
Тармақ 5
5. Тақырыптық бағыты: _____________________________________________________________
Тармақ 6
6. Таратылу аумағы: _____________________________________________________________ бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы Мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ ж. «__» ____________