О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 489 «Об утверждении Правил распределения полос частот, радиочастот, (радиочастотных каналов) для целей телерадиовещания» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2012 жылғы 18 қаңтардағы 7-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11264 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларында: 1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құжаттар тізбесін ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»; 18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.»; 1 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына қосымша Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларына 1-қосымша Нысан Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссияның төрағасына Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім Жалпы мәліметтер:
Тармақ 1
1. Заңды тұлғаның толық атауы / жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________
Тармақ 2
2. Заңды мекенжайы: _____________________________________________________________
Тармақ 3
3. Телефондардың, факстердің нөмірлері: _____________________________________________________________
Тармақ 4
4. Конкурстық хабарландыруға сәйкес пайдалану жоспарланған жиілік номиналы: ___________________________________________________________
Тармақ 5
5. Конкурстық хабарландыруға сәйкес таратушы станцияның қуаты, Ватт: _______________________________________________________________
Тармақ 6
6. Таратушы станцияның орнатылу пункті _______________________________________________________________
Тармақ 7
7. Жоспарланған ретрансляцияланатын телеарналар тізбесінің атауы ______________________________________________________________
Тармақ 8
8. Хабар таратуға құқық алу сәтінен бастап қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі: ____________________________________________________________
Тармақ 9
9. Теле-, радиоарналармен халықты қамтудың жоспарланған көлемі: _____________________________________________________________ Қоса берілген құжаттар
Тармақ 1
1.______________________________________
Тармақ 2
2.______________________________________
Тармақ 3
3.______________________________________ бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы Мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ ж. «__» ____________