О внесении изменения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 24 ноября 2015 года № 6001-15-7-6/486 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12457 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кассациялық сатыдағы сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында хаттама жүргізілмейді, бұл ретте сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген мақсаттарда пайдаланылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі