О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 24 февраля 2016 года № 139 «Об утверждении Правил использования пенсионных выплат по возрасту, за выслугу лет и государственных социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца медико-социальными учреждениями (организациями)» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13533 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 cәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына және 68-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 20 маусым КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы __________________ Н. Айдапкелов 2018 жылғы 26 маусым
Басқа 0. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 266 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына қосымша Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы (бұдан әрі – Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң) сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын (бұдан әрі – МӘМ) және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдардың жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Сот әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа (бұдан әрі – қамқоршы) мұқтаж деп таныған адамдарға және қамқоршыға зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар: адамдардың және қамқоршылардың ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде; жеке банктік шотына немесе қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына 70 % көлемінде (бұдан әрі – ҚБШ) аударылады.
Тарау 2. 2-тарау. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану тәртібі
2-тарау. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 26-бабының, 2-тармағына сәйкес және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 122-бабының 4-тармағына сәйкес еңбекке қабілетсіз адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану үшін МӘМ-нің басшысы қамқоршы (бұдан әрі – қамқоршы) болып тағайындалады. Қамқорлықтағы адамға ағымдағы шот ашу үшін қамқоршы зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін, әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршылық белгілеу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген құжаттарды ұсынады. Қамқорлықтағыларға ағымдағы шоттарды қамқоршы болып табылатын МӘМ-нің басшысы екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым) ашады.
Тармақ 4
4. МӘМ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға арналған комиссия құрылады. Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ 7 адамнан кем емес. Комиссияның құрамына МӘМ-нің басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, МӘМ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді. Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады. Комиссия отырысы оның үштен екі құрамы болған кезде заңды болып саналады. Дауыс беруге қатыспайтын, МӘМ-нің қызметкері комиссияның хатшысы болып тағайындалады. Комиссия отырысы айына 1 реттен жиі емес өтеді және: адамдардың және қамқорлықтағылардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін санитариялық гигиена заттарына, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге (бұдан әрі – киім, аяқ киім және төсек жабдықтары); қамқорлықтағылардың – қосымша тамаққа, күнделікті қажетті заттарға (бұдан әрі – жеке қажеттіліктер) қажеттілігін айқындайды.
Тармақ 5
5. Қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қамқоршы қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсайды. Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне пайдалану туралы шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді. Қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану тиісті журналда көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Адамдардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары өз бетінше жұмсалады.
Тармақ 7
7. МӘМ-нің жеке банктік шоты немесе ҚБШ оның орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық органында ашылады.
Тармақ 8
8. Адамдардың және қарқорлықтағылардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын және санитариялық гигиена заттары, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алуға пайдаланылады. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын және санитариялық гигиена заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапты маман комиссия шешімінің көшірмесін және құжаттың көшірмесін (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса береді (тіркейді). МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді. Адамдардың, қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану тиісті журналда белгіленеді.
Тармақ 9
9. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын сатып алуға және (немесе) ҚБШ-дағы қаражат есебінен қамтамасыз етуге келмейтін олардың құнына қаражат жетпеген кезде жергілікті атқарушы органдар оларды сатып алуға қосымша шығысты қарастырады.
Тармақ 10
10. МӘМ-нің басшысы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың және қамқорлықтағылардың алған зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану туралы есепті ұсынады. Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану бойынша есепке комиссия шешімінің көшірмесі мен құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса беріледі.
Басқа 1. Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін пайдалану туралы ШЕШІМІ
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 1-қосымша Нысан Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін пайдалану туралы ШЕШІМІ 20__ жылғы___________ № ___________ Қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ: Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын: Адамдардың және қамқорлықтағылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Адамдардың және қамқорлықтағылардың қажеттілігі Өлшем бірлігі Пайдалану мақсаттары Қолдау тапты/қолдау таппады Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері ___________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы/басшы орынбасары ______ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Уәкілетті органның өкілі ______ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Үкіметтік емес ұйымның өкілі ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі _______ __________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтікмекеменің диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері _________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы _______ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері ________ _________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Басқа 2. Киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтарының тізбесі
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 2-қосымша Киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Киім:
Тармақша 1
1) пальто, күрте;
Тармақша 2
2) плащ, ветровка;
Тармақша 3
3) жүн маталардан тiгiлген костюм;
Тармақша 4
4) мақта маталардан тiгiлген костюм;
Тармақша 5
5) спорттық костюм;
Тармақша 6
6) шалбар, джинсы, шорты;
Тармақша 7
7) көйлек, сарафан, халат;
Тармақша 8
8) жүн маталардан тiгiлген юбка, мақта маталардан тiгiлген юбка;
Тармақша 9
9) мақта маталардан тiгiлген блузка;
Тармақша 10
10) свитер, жакет, жемпiр, кофта, трикотаж жаймадан тiгiлген жилет;
Тармақша 11
11) трико;
Тармақша 12
12) футболка;
Тармақша 13
13) мақта маталардан тiгiлген кеудеге киетiн жейде.
Тармақ 2
2. Ішкиім:
Тармақша 1
1) трусы, панталон;
Тармақша 2
2) түнде киетiн жейде, пижама;
Тармақша 3
3) майка;
Тармақша 4
4) мақта маталардан және эластикалық трикотаж жаймадан тiгiлген туалет бұйымдары (бюстгальтер);
Тармақша 5
5) кальсондар;
Тармақша 6
6) гамаштар.
Тармақ 3
3. Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер:
Тармақша 1
1) шарф;
Тармақша 2
2) шапка, берет;
Тармақша 3
3) панама, фуражка, кепкалар;
Тармақша 4
4) әйелдердiң бас орамалы;
Тармақша 5
5) тақия;
Тармақша 6
6) қолғаптар, биялайлар;
Тармақша 7
7) жүн орамал (жартылай жүн);
Тармақша 8
8) тоқыма шапка.
Тармақ 4
4. Носки-шұлық бұйымдары:
Тармақша 1
1) колготки;
Тармақша 2
2) шұлық, носки;
Тармақша 3
3) гольфы.
Тармақ 5
5. Аяқ киім:
Тармақша 1
1) қысқы етiк, киiзден тiгiлген аяқ киiм;
Тармақша 2
2) пима;
Тармақша 3
3) маусымдық етiктер;
Тармақша 4
4) қысқа етiк;
Тармақша 5
5) бәтеңке, туфли;
Тармақша 6
6) қысқа бәтеңке;
Тармақша 7
7) аяқ киiм немесе сандалилер;
Тармақша 8
8) спорттық аяқ киiм;
Тармақша 9
9) бөлмеде киетiн тәпiшке;
Тармақша 10
10) сланцы.
Тармақ 6
6. Төсек жабдықтары:
Тармақша 1
1) ақ жайма;
Тармақша 2
2) көрпе тысы;
Тармақша 3
3) жастық тысы;
Тармақша 4
4) матрац (оның iшiнде басылып қалмайтын матрац);
Тармақша 5
5) жастық;
Тармақша 6
6) көрпе;
Тармақша 7
7) жамылғы;
Тармақша 8
8) вафельді сүлгi;
Тармақша 9
9) түкті сүлгiлер.
Басқа 3. МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның ШЕШІМІ
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 3-қосымша Нысан МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның ШЕШІМІ 20__ жылғы___________ № ___________ Адамдардың, қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ: Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын: Қамқорлықтағы лардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Адамдардың және қамқорлықтағылардың қажеттілігі Өлшем бірлігі Пайдалану мақсаттары Қолдау тапты/қолдау таппады Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері ___________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы/басшы орынбасары ______ __________________________________ Уәкілетті органның өкілі _______ _________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Үкіметтік емес ұйымның өкілі _______ _________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі ______ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтікмекеменің диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері _________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері _____________ ____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Басқа 4. Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП Есепті кезең 20___ жылғы ________ Индекс: 1-АЗТМӘЖП Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатын адамдар тобы: медициналық-әлеуметтік мекеме басшылары Қайда ұсынылады: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін теңге р/с № Есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы Есепті кезеңге түсімдердің сомасы Есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы Есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы 1 2 3 4 5 Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы/ ______ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері ________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы __________________________ Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _____________________ М.О. 20___ жылғы «__» ________ Ескертпе: «Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. «Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Тармақ 1
1. «Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) медициналық-әлеуметтік мекемелер облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.
Тармақ 2
2. Нысанға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.
Басқа 5. Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП Есепті кезең 20___ жылғы ________ Индекс: 1-ҚЗТМӘЖП Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатын адамдар тобы: медициналық-әлеуметтік мекеме басшылары Қайда ұсынылады: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін теңге Р/с № Қам­қор­лық­та­ғы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Есеп­ті ке­зең­нің ба­сы­на қам­қор­лық­та­ғы­ның банк шо­тын­да­ғы ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың қал­ды­ғы Есеп­ті ке­зең­ге тү­сім­дер­дің со­ма­сы Есеп­ті ке­зең­ге жүр­гі­зі­л­ген­шы­ғы­стар со­ма­сы Есеп­ті ке­зең­нің ая­ғы­на қам­қор­лық та­ғы­ның банк шо­тын­да­ғы ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың қал­ды­ғы Бар­лы­ғы оның ішін­де қол­ма-қол ақ­ша­ны пай­да­ла­на оты­рып қол­ма- қол ақ­ша­сыз 1 2 3 4 5 6 7 8 ЖИЫ­НЫ: Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы ______ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері ______ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы __________________________ Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _____________________ М.О. 20___ жылғы «__» ________ Ескертпе: «Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. «Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Тармақ 1
1. «Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) медициналық-әлеуметтік мекемелер облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаcына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.
Тармақ 2
2. Нысанға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 7-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақшасыз сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңнің аяғына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Арифметикалық-логикалық бақылау: 5-баған 6 және 7-бағандардың қосындысына тең.