О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 24 июня 2016 года № 54 «Об утверждении нагрудных знаков Академии Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы №54 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13999 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес»;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
аталған бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалғандығы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы 14 сәуірдегі № 37/қе
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
1-қосымша
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі жиегі күміс түстес көк түсті ромб, өлшемдері: биіктігі – 47мм., ені – 27мм., ортада жапсырылған;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы:
ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді;
ромб алаңындағы көк түсті эмаль ой айқындылығын және дәстүрге адалдықты білдіреді;
ромб ортасында кескін тәріздес көлемді жапсырма, стильденген жеті бұрышты жұлдыздан тұратын күрең (қою қызыл) түсті алтын (сары) түске негізделген, сонымен қатар жеті доғал бұрышты шуағы бар.
Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.
Көкшіл (көк) түсті кіші қалқан шеңбері бойынша, алтын (сары) сақиналы жиектелген, мемлекеттік тілде «НАМЫС, АЙБЫН, ОТАН» ұраны жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – «шаңырақ» орналасқан.
Басқа 2
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
2-қосымша
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі жиегі алтын түстес ақ түсті ромб, өлшемдері: биіктігі – 47мм., ені – 27мм., ортада жапсырылған;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы:
ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді;
ромб алаңындағы ақ түсті эмаль бейбітшілік пен тазалықты білдіреді;
ромб ортасында кескін тәріздес көлемді жапсырма, стильденген жеті бұрышты жұлдыздан тұратын күрең (қою қызыл) түсті алтын (сары) түске негізделген, сонымен қатар жеті доғал бұрышты шуағы бар.
Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.
Көкшіл (көк) түсті кіші қалқан шеңбері бойынша, алтын (сары) сақиналы жиектелген, мемлекеттік тілде «НАМЫС, АЙБЫН, ОТАН» ұраны жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі - «шаңырақ» орналасқан.