О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 24 ноября 2016 года № 6С-8/2 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки города Щучинск, населенных пунктов Бурабайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 24 ноября 2016 года № 6С-8/2 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки города Щучинск, населенных пунктов Бурабайского района»
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 «Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-24/4
- Қабылданған күні
- 30.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2021 118822_553090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BS006410
- ЭКБ идентификаторы
- 118822
- Редакция идентификаторы
- 118822_553090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:58
0 Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 «Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «жоғарылату», «төмендету», «жоғарытылсын», «төмендетілсін» сөздері «арттыру», «азайту», «арттырылсын», «азайтылсын» сөздеріне ауыстырылсын;
кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛЕСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
_________________ Қ. Қарауылов
30 қаңтар 2018 жыл